Тиімді реформалардың негізі - ашық пікір алмасу 

Қазіргі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістер азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен жүргізілуде.

Конституциялық комиссияның екінші отырысында ұсыныстардың кең көлемде талқылануы бұл үдерістің ашық әрі жұртшылыққа қолжетімді форматта өтіп жатқанын айқын көрсетеді. Келіп түскен ұсыныстар санының көптігі халықтың ел дамуына бейжай қарамайтынын, реформаларға деген қызығушылығы жоғары екенін аңғартады.

Комиссия жұмысының жариялылық қағидаттарына сүйенуі билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам деуге болады. Ашық талқылаулар азаматтарға алдағы өзгерістердің мән-маңызын тереңірек түсінуге және өз пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мұндай тәсіл қабылданатын шешімдердің тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, сонымен қатар қоғамның нақты сұраныстарына сай болуын қамтамасыз етеді. Яғни, реформалар халықтың үміті мен қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылуда.

Тұтастай алғанда, атқарылып жатқан жұмыстарды еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды бастама ретінде бағалауға болады. Күтіліп отырған өзгерістер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етпек.

Ораз Айтпайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT