Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында «Таза Қазақстан» - ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды деген еді. Меніңше, мұндағы ең маңыздысы – патриотизмді ұран деңгейінен күнделікті әрекет деңгейіне түсіру туралы айтылғаны.
Маған әсіресе ұнаған тұсы «Тазалық – ұран емес, күнделікті еңбек» деген ой. Расында да, бір күндік сенбілікпен ел таза болып кетпейді. Бұл – мәдениет, әдет, ішкі тәртіп. Ал ішкі тәртіп бар жерде жауапкершілік болады. Ал, жауапкершілік бар жерде – сенімді қоғам қалыптасады.
Қысқасы, бұл сөздер жай идеология емес, қоғамды мәдениет арқылы өзгертуге бағытталған ой деп қабылдадым. Егер расымен әр адам “ел маған не береді?” демей, “мен елге бүгін не пайда келтірдім?” деп ойлай бастаса — міне, сол кезде бұл бастама шын нәтижесін береді.
Жазира Ихсанова
Жылыой ауданы бөлімі әдістемелік кабинет әдіскері




