Таңбалы тастар мен тағылымды тарих

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің тарихи-мәдени мұрасына туралы   ой-тұжырымы мемлекеттік деңгейдегі жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетеді.

 Қазақстан аумағындағы көне ескерткіштер мен бірегей сәулет нысандары – ұлт тарихының тірі куәгерлері. Жаркент мешіті мен Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуінің қатар аталып өтуі – еліміздегі татулық пен келісімнің, түрлі мәдениет пен өркениеттердің өзара үндестігінің айқын көрінісі. Бұл нысандар «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатының нақты өмірдегі дәлелі деуге толық негіз бар.

 Сондай-ақ Мемлекет басшысының Қаратау петроглифтері, Сауысқандық пен Арпаөзендегі таңбалы тастарға арнайы тоқталуы – Ұлы дала өркениетінің терең тамырлы екенін тағы бір мәрте айқындайды. Мыңдаған жылдар бұрын қашалған бұл бейнелер – ата-бабаларымыздың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі мен рухани әлемінен сыр шертетін баға жетпес қазына. Оларды ғылыми тұрғыда зерттеп, жүйелі түрде қорғау – тек ғалымдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

 ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне отандық тарихи ескерткіштерді енгізу бастамасы – Қазақстанның мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға жол ашады. Мемлекет басшысының құзырлы министрлікке нақты тапсырма беруі – аталған бағыттағы жұмыстардың сөз жүзінде қалмай, іс жүзінде жүзеге асатынына сенім ұялатады.

      Жылыой аудандық перзентхананың акушер-гинеколог дәрігер-ординаторы 

        Руслан Таңатарұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT