Сыбайлас жемқорлықпен жалпыхалықтық күрес 

Мемлекет басшысы атап өткендей, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты әрі жүйелі күрес жүргізу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл індет қоғамның дамуын тежеп қана қоймай, азаматтардың билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

Сондықтан аталған бағыттағы жұмысты күшейту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді.

Осы тұрғыда орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу тәжірибесін қайта жаңғырту аса маңызды. Мұндай сараптамаларға кәсіби сарапшылармен қатар, азаматтық қоғам өкілдерін тарту ашықтықты арттырып, тәуекелдерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс орын алған мекеменің бірінші басшысының жеке жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыда нақты айқындау қажет. Бұл басқару мәдениетін күшейтіп, формалды жауапкершіліктен нақты жауапкершілікке көшуге жол ашады.

Бұдан бөлек, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлеріне қатаң шара қолдану маңызды. Мұндай әрекеттер құқық қорғау жүйесінің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан тергеу саласында адалдық пен кәсібилік басты қағида болуы тиіс.

Равиль Алиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT