Президенттің Қызылорда өңіріне қатысты айтқан пікірі – тек бір аймақтың мәселесі емес, тұтас ел болашағына қатысты маңызды ұстаным деп бағалауға болады.
Арал мәселесі көп жылдар бойы тек табиғи апат ретінде қарастырылып келді. Алайда бүгінгі таңда оның салдары экологиямен ғана шектелмейтіні анық байқалып отыр. Теңіздің тартылуы аймақтың климаттық жағдайына, халық денсаулығына, әлеуметтік ахуалға және экономикалық мүмкіндіктеріне тікелей әсер етті.
Жалпы алғанда, бұл ұстанымдар проблеманы жасырмай, ашық мойындап, нақты атқарылған жұмыстарды көрсетіп, алдағы күрделі міндеттерді айқындап бергенімен құнды. Ең бастысы – экологиялық қауіпсіздік пен су ресурстарын тиімді басқару мәселесі мемлекеттік стратегиялық күн тәртібінде берік орныққаны байқалады.
Жылыой аудандық аурухананың меңгерушісі
Злиха Құлғазиева




