Су мәселесі – болашаққа салынған инвестиция

Мемлекет басшысы су мәселесімен жүйелі түрде айналысуымыз керек деді. Бұл еліміз үшін су қауіпсіздігінің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.

Су ресурстары тек экологиялық емес, сонымен қатар экономикалық, әлеуметтік және ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін стратегиялық факторға айналып отыр.

Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастама – трансшекаралық су мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған өзекті қадам. Бұл Қазақстанның жаһандық деңгейде су дипломатиясын күшейтуге дайын екенін көрсетеді.

Астанада өтетін Халықаралық экология саммитінде Арал мәселесінің қайта көтерілуі де өте маңызды. Кіші Аралдың қалпына келуі Сыр өңірінің экологиясын жақсартып қана қоймай, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамытуға серпін береді.

Жалпы, Мемлекет басшысының бұл ұстанымы – суды ұқыпты пайдалану, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған ұзақ мерзімді, жауапты саясаттың көрінісі.

    «AMANAT» партиясы  Жылыой аудандық филиалының төрағасы 
                                 Сайлау  Таласов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT