Сенім таразысындағы реформа

Конституциялық референдум – жай ғана саяси шара емес, билік пен халық арасындағы сенімнің нақты өлшемі болмақ. Өйткені қоғам қазір сөзге емес, нәтижеге қарайды. Конституцияны өзгерту оңай, ал адамдардың өмірін өзгерту – әлдеқайда қиын. 

Қоғамда шаршау бар. Жыл сайын «жаңа кезең», «жаңа бағыт» деген ұрандар айтылады, бірақ қарапайым азамат әділдік пен тең мүмкіндікті толық сезініп отыр деп айту қиын. Егер референдумнан кейін де халық тұрмысында айтарлықтай өзгеріс болмаса, онда кезекті реформаның құны сөз жүзінде ғана қалуы мүмкін. 

  Референдум – билік үшін соңғы мүмкіндіктердің бірі. Халық шынайы өзгерісті көргісі келеді. Егер нәтиже нақты болса – сенім күшейеді. Егер бәрі бұрынғы сценариймен өтсе – қоғамның үміті тағы да әлсірейді. 

                              Қала тұрғыны
                   Нұрасыл Абубакірұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT