Конституциялық реформалар – қоғамның сұранысынан туған маңызды қадам. Ұсынылып отырған жаңа Ата Заңы елдегі саяси жүйені жаңғыртып, басқару үдерісін тиімді етуге бағытталған.
Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға негіз болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар билік институттарының жауапкершілігін арттырып, шешім қабылдауда ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз етуге жол ашады. Реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастырып, елдің тұрақты дамуына берік негіз қалау.
Мейіржан Есенов




