Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда көтерген рухани-мәдени мұраны сақтау және әлемге таныту жөніндегі бастамаларын толық қолдаймын. «Хандар шежіресі» сияқты аса құнды қолжазбалардың ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енуі – халқымыздың тарихи жады мен жазба мұрасына көрсетілген зор құрметтің айқын көрінісі.
Сондай-ақ, «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мәселесінің қаралуы – ұлттық құндылықтарымызды халықаралық деңгейде мойындатуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастамалар жас ұрпақтың тарихқа, мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, елдік сананы нығайта түсетіні сөзсіз.
Кітапхана ұжымы ретінде біз Президент тапсырмалары аясында төл тарихымызды насихаттауға, сирек қорларды кеңінен таныстыруға және оқырмандар арасында рухани мұраны дәріптеуге бағытталған жұмыстарды одан әрі күшейте береміз. Бұл – өткенге құрмет, келешекке аманат деп білемін.
Орталық кітапхана басшысы
Сандуғаш Төлеуішқызы




