Реформалардың басты мақсаты – әділетті, ашық әрі тиімді мемлекет қалыптастыру

Мемлекет басшысы бастамашы болған конституциялық реформалар ел дамуының жаңа кезеңін айқындаған маңызды қадам болды. Бұл өзгерістер билік тармақтарының теңгерімін күшейтіп, Парламенттің рөлін арттыра түсті. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нығайтуға бағытталды.

 Реформалардың басты мақсаты – әділетті, ашық әрі тиімді мемлекет қалыптастыру. Соңғы жылдары жүзеге асқан өзгерістер қоғамның саяси жүйеге деген сенімін арттырып, халықтың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтті. 

 Конституциялық жаңғыру – тек құқықтық өзгеріс емес, ол қоғамдық сананың жаңаруымен де байланысты. Әр азамат заңды құрметтеп, ел тағдырына жауапкершілікпен қарағанда ғана реформалардың нәтижесі толық көрінеді.

                                Қала тұрғыны 
                   Жайлаубай Бірқұлақов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT