Референдум: мүмкіндік пе, міндет пе?

Конституциялық референдум – ел үшін тарихи мүмкіндік те, үлкен тәуекел де. Себебі Конституцияны өзгерту дегеніміз – мемлекеттің ережесін қайта жазу. Мұндай қадам тек шынайы қажеттілік болғанда ғана жасалуы керек. 

Шындықты айту керек – халық бүгінде әдемі сөзге сенбейді. Адамдарға тұрақты жұмыс, әділ сот, тең мүмкіндік керек. Егер реформалар осы мәселелерді шешуге бағытталмаса, онда Конституциядағы өзгерістер қарапайым азаматтың өміріне әсер етпейтін қағаз күйінде қалуы мүмкін. Ең қауіптісі – үміттің ақталмауы.

 Референдумның мәні – халықтың таңдауында. Бірақ таңдау әділ болуы үшін толық ақпарат, ашық пікірталас және шынайы бәсекелі көзқарастар болуы шарт. Қоғам тек қолдаушы пікірді ғана емес, балама ойды да естуі керек. Сонда ғана нәтиже шынайы легитимді болады.

                                 Қала тұрғыны
                               Бекзат Болатұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT