Менің ойымша, конституциялық реформа бойынша референдум өткізу – ел дамуы үшін маңызды қадам. Өйткені Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі, ал уақыт өзгерген сайын заңнаманы да қоғам талаптарына сай жаңарту қажет.
Қазіргі кезеңде саяси, әлеуметтік және экономикалық үдерістер қарқынды жүріп жатыр, сондықтан мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындауы заңды.
Референдумның ең басты артықшылығы – шешімді халықтың өзі қабылдайды. Бұл азаматтардың ел тағдырына деген жауапкершілігін арттырып, демократиялық мәдениетті нығайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан референдумға қатысу – тек құқық емес, болашақ үшін жасалатын саналы таңдау деп есептеймін.
Қала тұрғыны
Сәндібек Айсаев




