Менің ойымша, конституциялық реформа бойынша жалпыұлттық референдум өткізу — ел дамуы үшін маңызды әрі жауапты қадам. Конституция — мемлекеттің негізгі заңы, сондықтан оған енгізілетін өзгерістер халықтың қатысуымен қабылдануы демократиялық қағидаттарға сай келеді.
Бүгінгі таңда қоғам да, мемлекет те өзгеріп жатыр. Замана талабына бейімделген заңнамалық жүйе қажет екені анық. Сонымен қатар, кез келген реформа тек қағаз жүзінде қалмай, нақты өмірде оң нәтижесін көрсетуі маңызды. Халықтың сенімі — ең басты көрсеткіш.
Жалпы алғанда, референдум — әр азаматтың ел болашағына өз үлесін қосатын тарихи мүмкіндік деп ойлаймын.
Қала тұрғыны Қайнар Махамбетов




