Президент жоғары технология, ғылым және білімге инвестиция салудың стратегиялық маңызды екенін нақты айтты. Бұл тек ақша бөліп қою емес, бұл – елдің интеллектуалды және экономикалық болашағын қалыптастыру.
Сонымен қатар, қоғамда көбіне «форум, презентация, уәде» деңгейінде қалып, нақты нәтиже шықпай жатады. Президент мұны ашық айтты: тек көрсеткіш пен нақты жетістік маңызды, ал пиар – екінші кезекте. Бұл тұрғыда ол ескерткіш пен ұранға емес, нақты іс-қимылға, нәтижеге шақырып отыр.
Мен үшін ең қызық ой – цифрландыру мен жасанды интеллектті тек сән үшін енгізбейміз, бұл – мемлекеттік аппарат жұмысын тиімді етуге арналған стратегиялық құрал. Яғни технология – «көрнекі эффект» емес, күнделікті шешім қабылдау мен еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған нақты механизм. Біз енді «жарнамалық жетістік» үшін емес, шын мәнінде тиімді, нәтижелі және халыққа пайда әкелетін іс-әрекет үшін жұмыс істеуіміз керек. Бұл – жауапкершіліктің жаңа деңгейі және ел дамуының негізгі факторы.
Қарлығаш Шығанақова
Жылыой ауданының Белсенді өмір сүру орталығының басшысы




