Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінгі таңда жастар арасында Қазақстанның өрлеу кезеңіне қадам басқаны жөнінде сенім бар, және бұл оймен толық келісуге болады.
Қазіргі жас буын – ойы ашық, батыл, креативті ұрпақ. Әсіресе өнер мен креативті индустрия саласында қазақ жастарының жарқырап шығып жатқаны қуантады.
Маған ұнайтыны – жастар тек заманауи бағытта кетіп қалмай, ұлттық болмысты да қатар алып жүр. Сонымен қатар, Кино саласының жанданып жатқаны да үміт береді.
Ең бастысы – жастарға сенім арту. Қолдау мен мүмкіндік болса, біздің жас буын әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдей алады.
Жылыой аудандық орталық аурухананың пациенттерді қолдау қызметінің меңгерушісі
Гүлмира Хасанова




