Президенттің мәдениет пен өнерге қатысты айтқан ойлары – рухани дамуды ел дамуының негізгі тіректерінің бірі ретінде қарастыратын ұстанымның айқын көрінісі.
Шынында да, қоғамның санасы жаңғырмай, экономикалық немесе саяси реформалардың толық нәтижеге жетуі қиын. Бұл тұрғыда мәдениет саласына стратегиялық бағыт ретінде қарау – уақыт талабынан туған шешім.
Соңғы жылдары мәдени инфрақұрылымды дамыту мәселесі жиі көтеріліп жүр. Театрлар салу, қолданыстағы мәдени нысандарды жаңғырту, жаңа музейлер мен кітапханалар ашу – мұның бәрі тек ғимарат тұрғызу емес, елдің рухани кеңістігін кеңейтуге бағытталған қадамдар.
Алматы облысында қазақ драма театрының, Абай мен Ақтөбе облыстарында жаңа театрлардың салынуы, Шымкентте опера және балет театры құрылысының басталуы – аймақтардың мәдени әлеуетін арттыратын маңызды жобалар. Бұл бастамалар жергілікті өнерпаздардың дамуына жол ашып қана қоймай, жастардың театр мен классикалық өнерге қызығушылығын арттыра түседі.
Көтерілген бастамалар мәдениет саласын қосалқы емес, стратегиялық маңызы бар бағыт ретінде дамытуға бетбұрыс бар екенін көрсетеді. Ең бастысы – бұл жобалар уақытында әрі сапалы жүзеге асса рухани жаңғырудың нақты нәтижесі
Жылыой ауданының құрметті азаматы
Серік Мәтениязов




