Мен Президенттің Жолдауын үлкен үмітпен тыңдадым. Онда халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелер қозғалды. Әсіресе жұмыс табу, табысты арттыру, бағаның өсуін тежеу туралы айтылғаны көңілге қонымды болды.
Ауылдардың жағдайын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту туралы бастамалар да өте қажет деп ойлаймын. Ауыл көркейсе, ел де көркейеді ғой.
Заң мен тәртіптің болуы, әділдік орнауы – бәріміз қалайтын дүние. Әр адам еңбегінің бағаланғанын, болашағына сеніммен қарағанын қалайды.
Жолдауда айтылған сөздер жай уәде болып қалмай, нақты іске асса екен деймін. Сонда ғана қарапайым халық оның шынайы пайдасын сезіне алады.
Қала тұрғыны
Румилям Маметова




