Мен үшін заң мен тәртіп — қоғамның тыныштығы мен адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тірек іспетті. Алайда суицид мәселесі бұл құрылыммен тек шектеулі түрде шешіледі деп ойлаймын. Заң адамның өмірін қорғай алады, жазаны белгілей алады, бірақ адамның ішкі күйі мен рухани ауыртпалығын жеңе алмайды. Сол себепті бұл тақырыпта тек құқықтық шараларға сену жеткіліксіз сияқты көрінеді.
Менің ойымша, ең маңыздысы — адамдарға қолдау көрсету, олардың ауыртпалығын тыңдау, психологиялық көмек беру. Қоғам мен тәртіп қатаң бола берсе де, мейірім мен түсіністік болмаған жерде жан азабын тоқтату мүмкін емес.
Сондықтан заң мен тәртіп — қажетті база, бірақ адамның өмірін сақтайтын шынайы күш — бұл әрқайсымыздың жанымыздағы қамқорлық пен жақындардың қолдау.
Қала тұрғыны Бақтияр Құлбалаев



