Макроэкономикалық тұрақтылық инвестициялық сенімнің негізі

Инвестицияға қолайлы ахуал қалыптастыруға тікелей ықпал ететін басты фактор – макроэкономикалық тұрақтылық. Алайда бүгінде жоғары инфляция экономикалық өсім көрсеткіштері мен халықтың нақты табысын айтарлықтай төмендетіп отыр. Бұл мәселенің дайын тұрған, жеңіл шешімі жоқ. Мұндай сын-қатерге қазіргі таңда көптеген мемлекет тап болып отыр.

Дегенмен, инфляциялық қысымның біздің елде айрықша сезілуі жағдайдың күрделілігін арттыра түсуде. Осы макроэкономикалық құрсаудан шығу – стратегиялық міндет. Қиындықтар бір күнде пайда болған жоқ, сондықтан оларды еңсеру үшін әлемдегі озық тәжірибелерді ескере отырып, батыл әрі кейде жұртқа ұнай бермейтін шешімдер қабылдауға дайын болу қажет. Ең бастысы – сол шешімдердің жауапкершілігін толық мойынға алу.

Жанерке Мақымғали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT