Макроэкономикалық құрсауды бұзатын уақыт келді

Бұл ой бүгінгі экономикалық ахуалдың нақты әрі батыл бағасы. Мемлекет басшысы атап өткендей, макроэкономикалық қиындықтар бір күнде пайда болған жоқ, олар жылдар бойы қордаланған жүйелі мәселелердің нәтижесі.

Сондықтан оны шешу де жеңіл болмайтыны анық. Мұндай жағдайда әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, кейде қоғамға бірден ұнай қоймайтын, бірақ ұзақ мерзімді тұрақтылыққа бастайтын шешімдер қабылдау қажет. Ең бастысы сол шешімдер үшін жауапкершілікті толық мойынға алып, реформаларды соңына дейін жеткізе білу.

Үкімет пен Ұлттық банк қазіргі қалыптасқан ахуалдың қиындығын ескере отырып, алдына қойған мемлекеттік ауқымдағы міндетті біртұтас команда ретінде атқаруы керек. Қазір әркім көрпені өзіне қарай тартатын кез емес.

Алия Молдажан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT