Лудомания – үнсіз таралып жатқан әлеуметтік дерт

Лудомания дерті – жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне әсер ететін өзекті мәселе. Мемлекет басшысы бұл індетке қарсы күресті бірнеше рет көтеріп, құмар ойынға тәуелділіктің ұлт болашағына төндіретін нақты қатер екенін атап өткен еді.

Президенттің ұстанымы бойынша, лудоманиямен күрес тек тыйым салумен шектелмеуі тиіс. Алдын алу шараларын күшейту, жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелеу және тәуелді жандарға қолдау көрсету – бұл мәселені шешудің негізгі тетіктері.

Осы бағыттағы мемлекеттік саясат қоғамда жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың психологиялық, әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Лудоманияға қарсы күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.

Жанболат Таумурынов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT