Қазіргі қоғамда лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік, өзекті әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл дерт тек жеке адамның тағдырына ғана емес, тұтас отбасы мен қоғамға кері әсерін тигізеді. Қаржылық қиындық, психологиялық күйзеліс, отбасылық жанжал – лудоманияның салдары.
Ең қауіптісі – құмар ойындардың жастар арасында кең таралуы. Жеңіл табысқа деген иллюзия, әлеуметтік желідегі жалған жарнама мен онлайн платформалардың қолжетімділігі көптеген адамдарды тәуелділікке итермелеуде. Нәтижесінде еңбекке, білімге деген қызығушылық төмендеп, жауапкершіліктен қашу белең алады.
Лудоманиямен күрес тек тыйым салумен шектелмеуі тиіс. Бұл мәселенің алдын алу үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, психологиялық және әлеуметтік қолдау тетіктері жүйелі түрде жұмыс істеуі қажет. Ең бастысы – қоғамда құмар ойынға қарсы иммунитет қалыптастыру.
Мемлекет, қоғам және отбасы бірлесе әрекет еткенде ғана бұл дерттің алдын алуға болады. Әр азамат лудоманияның қауіпті екенін түсініп, саналы таңдау жасай алатын деңгейге жетуі тиіс. Себебі ұлттың болашағы – сау сана мен жауапты ұрпақта.
Газиз Романов




