Конституциялық өзгерістер – жаңа саяси мәдениеттің бастауы

Жаңа Ата Заң жобасының жариялануы – ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл құжат тек құқықтық нормаларды жаңарту ғана емес, сонымен қатар қоғам сұранысына жауап беретін жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қадам деп бағалауға болады.

Ашық талқылаулар мен түрлі ұсыныстардың ескерілуі реформаның мазмұндық тұрғыдан бай әрі жан-жақты әзірленгенін көрсетеді.
Бір палаталы Парламент құру идеясы мемлекеттік басқару жүйесін ықшамдап, жауапкершілікті нақтылауға мүмкіндік береді. Заң шығару процесінің тиімділігін арттыру – уақыт талабы. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси жаңғыру бағытымен үндеседі.
Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында, әсіресе цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде, құқықтық негізді жетілдіру аса маңызды. Сондықтан жаңа Конституция жобасы елдің болашақтағы орны мен даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат ретінде бағалануы тиіс.
Думан Мұратұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT