Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған конституциялық реформалар ел өміріндегі маңызды бетбұрыс кезеңдерінің бірі болды.
Бұл өзгерістердің мәні – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып қана қоймай, қоғам мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтуда жатыр.
Бүгінде азаматтардың құқықтарын қорғау, әділдік қағидатын орнықтыру, шешім қабылдау үдерісіне халықтың қатысуын арттыру – басты басымдықтардың біріне айналды. Конституциялық реформалар осы бағыттағы нақты қадамдарды айқындап берді.
Реформалардың табысты жүзеге асуы тек заңнамалық өзгерістермен шектелмейді. Ол әрбір азаматтың белсенділігіне, құқықтық мәдениетінің деңгейіне де байланысты. Қоғам болып қолдау білдірген жағдайда бұл бастамалар елдің тұрақты дамуына берік негіз болары сөзсіз.
Қала тұрғыны
Ләззат Елеусінова




