Конституциялық өзгерістер – ел болашағы үшін маңызды қадам

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілуі мүмкін түзетулер аясында бірнеше жұмыс секциясы шеңберінде қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл бастама елдің құқықтық жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған маңызды үдеріс деп есептеймін.

Конституциялық комиссия мүшелерінің Ата заңның жекелеген баптары мен бөлімдеріне жан-жақты талдау жасап жатқаны — ұсынылып отырған өзгерістердің үстірт емес, терең сарапталып жатқанын көрсетеді. Әрбір нормаға құқықтық тұрғыдан қарау — қоғам мүддесін ескерудің айқын көрінісі.

Әсіресе Конституцияның негізгі ережелеріне ерекше назар аударылуы өте орынды. Себебі Негізгі заң — мемлекеттің құқықтық іргетасы. Оған енгізілетін кез келген өзгеріс елдің саяси тұрақтылығы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер етеді.

Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдаймын және бұл түзетулер Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде одан әрі нығаюына оң ықпал етеді деп сенемін. Ең бастысы — қабылданатын шешімдер халықтың мүддесіне сай болып, ел дамуына нақты серпін беруі тиіс.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Гайдар Арыстанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT