Мемлекет басшысының Конституциялық реформаға қатысты бастамасын уақыт талабынан туған, аса жауапты әрі маңызды қадам деп бағалаймын. Конституция ел дамуының құқықтық іргетасы.
Оның заман ағымына сай жаңаруы қоғамдағы өзгерістерге дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді.
Президент атап өткендей, бұл өзгерістер жай ғана түзетулер емес, мазмұны жағынан жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар. Сондықтан Конституциялық комиссия құрып, оған түрлі сала өкілдерін тарту ашықтық пен қоғамдық пікірді ескерудің айқын көрінісі.
Алдағы референдум арқылы халықтың тікелей қатысуымен қабылданатын шешімдер елімізде құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, азаматтардың жауапкершілігі мен сенімін арттырады деп сенемін.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі Калиева Айымгүл Сарсембайқызы




