Конституциялық комиссияның екінші отырысында реформалар жөнінде келіп түскен ұсыныстардың кең көлемде талқылануы — елімізде жүріп жатқан конституциялық өзгерістердің ашық әрі инклюзивті сипатқа ие екенін көрсетеді. Екі мыңнан астам ұсыныстың келіп түсуі азаматтардың мемлекеттік басқару мен құқықтық жүйені жетілдіруге бейжай қарамайтынын дәлелдейді.
Комиссия жұмысының ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделуі — қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Барлық талқылаудың тікелей эфирде көрсетілуі халықтың реформалар барысынан хабардар болып, процестің белсенді қатысушысына айналуына мүмкіндік береді.
Бұл формат реформаның басты мәнін айқындайды: Конституциялық өзгерістер жоғарыдан ғана емес, қоғамның пікірі мен ұсыныстары негізінде жүзеге асуы тиіс. Мұндай тәсіл қабылданатын шешімдердің өміршең әрі халық сұранысына сай болуына ықпал етеді.
Сондықтан қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстарды еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуы жолындағы маңызды әрі уақыт талабына сай қадам деп бағалауға болады. Ең бастысы — реформалар нақты нәтижелерге бағытталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды одан әрі күшейтуі тиіс.
Жадыра Жұмабайқызы




