Конституциялық негізгі өзгерістер кезеңі

Конституциялық комиссияның екінші отырысында реформаларға қатысты ұсыныстардың жан-жақты талқылануы еліміздегі конституциялық үдерістің ашық әрі қоғамды кеңінен қамтыған форматта өтіп жатқанын көрсетеді. Екі мыңнан астам ұсыныстың түсуі азаматтардың мемлекеттік басқару жүйесіне және құқықтық негіздерді жетілдіруге белсенді түрде атсалысып отырғанын аңғартады.

Комиссия қызметінің ашықтық пен жариялылық қағидаттарына сүйенуі билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтудың маңызды тетігіне айналуда. Талқылаулардың тікелей эфирде көрсетілуі халыққа реформалардың барысын бақылап қана қоймай, өз пікірін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл тәсіл конституциялық өзгерістердің мәнін айқындай түседі. Яғни, реформалар тек мемлекеттік деңгейде қабылданатын шешімдер емес, қоғамның ойы мен ұсынысына негізделген ортақ үдеріс болуы тиіс. Мұндай өзара ықпалдастық қабылданатын шешімдердің тиімді әрі өміршең болуына жол ашады.

Жалпы алғанда, қолға алынған жұмыстарды еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуына бағытталған маңызды әрі заманауи қадам деп бағалауға болады. Алдағы реформалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға қызмет етуі қажет.

Жолдасқали Алматов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT