Бүгінгі Конституциялық комиссияның алғашқы отырысы өтті. Бұл комиссия жұмысының саяси салмағы мен тарихи жауапкершілігін айқын көрсетеді. Эльвира Азимованың сөзі реформаның тек құрылымдық өзгеріс емес, жасанды интеллект дәуіріне бейімделген басқару моделін қалыптастыруға бағытталғанын аңғартады.
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының ұзақ әрі инклюзивті жұмыс жүргізуі, азаматтардың тек бір палаталы Парламентпен шектелмей, кең ауқымды конституциялық мәселелерді көтеруі қоғамның саяси процестерге белсенді араласа бастағанын дәлелдейді.
Конституциялық комиссияның алдында тұрған миссия – қоғамдық сұранысты ескеріп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жаңа заман талаптарына сай қайта айқындау. Бұл қадам елдегі саяси жаңғырудың терең әрі жүйелі кезеңіне жол ашуы мүмкін.
Жылыой ауданының мәслихат депутаты
Ризангүл Атинова




