Құмарлық құрбаны

Қазіргі қоғамда «Заң мен тәртіп» ұғымы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі тірегі болып саналады. Заң үстемдігі сақталған жерде ғанаазаматтардың құқығы қорғалып, әлеуметтік әділдікорнайды. Ал тәртіпсол заңның күнделікті өмірдеорындалуы. 

Бүгінде лудоманиямен күрес өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Құмар ойындарға деген тәуелділік отбасының күйреуіне, қаржылық қиындықтарға, қылмыстың көбеюіне әкелуі мүмкін. Әсіресе онлайн платформалардың дамуы бұл мәселені күрделендірді. Сондықтан мемлекет тарапынан заңнамалық шектеулер енгізу – уақыт талабы.

Менің ойымша, лудоманиямен күрес тек тыйым салумен шектелмеуі керек. Ең алдымен, алдын алу шаралары, психологиялық көмек, отбасы тәрбиесі маңызды. Әр адам өз әрекетіне жауапты екенін түсінуі тиіс. Заң – сыртқы бақылау құралы болса, тәртіп – адамның ішкі мәдениеті. 

Қорытындылай келе, заң мен тәртіп қоғамды түрлі әлеуметтік дерттерден, соның ішінде лудоманиядан қорғаудың негізгі тетігі. Егер әр азамат заңды құрметтеп, жеке жауапкершілікті сезінсе, қоғам да тұрақты әрі қауіпсіз болмақ. 

                                                            Қала тұрғыны

                                                       Айгерім Қамысбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT