Жаңа Ата Заңның тағы бір маңызды мағыналық бағыты – цифрландыру үдерісіне құқықтық негіз берілуі. Конституцияда алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норманың бекітілуі – уақыт талабына берілген нақты әрі жауапты шешім. Бұл жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және цифрлық кеңістікте адамның қадір-қасиетін қорғауға бағытталған.
Конституцияның жаңартылған мәтінінің басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы. Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа Преамбулада ғана емес, бүкіл Конституцияның мағыналық өзегі ретінде айқындалып, мемлекеттің басты басымдығына айналды. Бұл – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтатын түбегейлі қадам.
Сонымен қатар, дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқын бекітілді. Бұл қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтаудың маңызды тетігі.
Неке ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде белгіленуі дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Аталған өзгерістер қоғам дамуы мен ұлттық болмыстың үйлесімін көздейтін маңызды құқықтық негіз болып табылады.
Айгерим Асауова




