Киберқылмыс заманның жаңа қатері

Цифрлық технологиялардың дамуы қоғам өмірін жеңілдеткенімен, жаңа қауіп-қатерлерді де қатар алып келді. Соның бірі – киберқылмыс. Бүгінде интернет алаяқтық, жеке деректерді заңсыз иемдену, онлайн шоттарды бұзу сияқты қылмыс түрлері жиілеп отыр.

Киберқылмыскерлер азаматтардың сеніміне кіріп, өзін банк қызметкері, құқық қорғау органының өкілі немесе инвестициялық кеңесші ретінде таныстырып, түрлі айла-тәсілдер арқылы қаржысын жымқырады. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын алаяқтықтың үлесі артып келеді.

Мамандардың айтуынша, киберқылмыстың басты себебі – тұрғындардың цифрлық сауаттылығының жеткіліксіздігі. Көп жағдайда адамдар күмәнді сілтемелерге өтіп, белгісіз қосымшаларды жүктеп алады немесе жеке мәліметтерін үшінші тұлғаларға өз еркімен беріп қояды.

Мемлекет бұл қауіпке қарсы жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Киберқауіпсіздікті күшейту, арнайы бөлімшелердің жұмысын жетілдіру және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу – басты бағыттардың бірі. Дегенмен, әр азамат та жеке деректерінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.Киберқылмыстың алдын алу үшін күмәнді хабарламаларға сенбеу, банк деректерін ешкімге бермеу және ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау бүгінгі күннің басты талабы.

Самат Латиф

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT