Халықтың күткені – нақты нәтиже

Мемлекет басшысының Жолдауыннан ел дамуына қатысты маңызды бағыттар көтерілгенін байқадым. Дегенмен, қарапайым халық үшін ең маңыздысы – айтылған бастамалардың орындалуы. Себебі біз күнделікті өмірде бағаның өсуін, несие жүктемесін, коммуналдық төлемдердің қымбаттауын анық сезіп отырмыз.

 Жолдауда экономиканы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу туралы айтылды. Бұл өте қажет. Бірақ сол мүмкіндіктер ауылдағы, шағын қаладағы адамдарға да нақты жетсе екен дейміз. 

 Әлеуметтік әділдік мәселесі де өте маңызды. Қарапайым еңбек адамы адал жұмыс істеп, лайықты жалақы алса, елдің де жағдайы түзелер еді. 

             Қала тұрғыны
        Дәурен Бейсенбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT