Халыққа жақын Жолдау

Меніңше, биылғы Президент Жолдауы қарапайым халыққа түсінікті әрі маңызды мәселелерді көтерді. Әсіресе елдегі жұмыс орындарын көбейту, бағаны тұрақтандыру, ауылдарды дамыту  айтылған көңілге қонымды болды. Өйткені бұл - күнделікті өмірде әр адамды толғандыратын жайттар. 

 Білім мен денсаулық саласына көңіл бөлінуі де дұрыс деп ойлаймын. Балалардың сапалы білім алып, халықтың емделуге қолжетімділігі болса, елдің болашағы да мықты болады.

 Жалпы, Жолдауда айтылған бастамалар жүзеге асып, нақты нәтиже берсе екен деген үміт бар. Қарапайым халыққа пайдасы тиетін жұмыстар көп болса, бұл құжаттың шын мәнінде маңызы зор болады деп сенемін.

Қала тұрғыны
             Әділхан Айтпаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT