Халық үнін естіген Конституция

Мен үшін жаңа Конституция жобасының ең басты артықшылығы – оның шынайы халықтық сипатында. Конституциялық комиссияның құрамына қоғамның барлық қабаты мен аймақтарының өкілдері кірді, ал отырыстардың ашық түрде өтуі билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтты.

Бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы саяси жүйені жеңілдетіп қана қоймай, оның тиімділігін арттырады. 145 депутаттан тұратын, кеңейтілген өкілеттіктерге ие бұл орган ел мүддесін неғұрлым жедел әрі сапалы қорғауға мүмкіндік береді. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың жауапкершілігін күшейтіп, саяси бәсекені дамытады.
Қазақстанның Халық Кеңесінің құрылуы да – өте маңызды қадам. Бұл орган халық пен билік арасындағы тұрақты диалогтың жаңа алаңына айналып, заң шығару бастамаларына тікелей ықпал ете алады. Мұның бәрі «халық – биліктің бірден-бір бастауы» деген конституциялық қағидаттың іс жүзінде жүзеге асуына жол ашады.

                             Алтынбек ІЗБАСАРОВ, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT