Халық үні – реформаның негізі

Биыл өткізгелі отырған конституциялық реформа бойынша референдум  – қоғам үшін маңызды саяси оқиға деп есептеймін. Себебі Конституция – мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжат, ал оған енгізілетін өзгерістер әр азаматтың өміріне тікелей әсер етеді. 

 Меніңше, кез келген реформа ең алдымен қарапайым адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қызмет етуі тиіс. Егер ұсынылған өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, әділдік қағидатын күшейтсе, онда бұл бастаманың маңызы зор болады. 

 Референдум елдің келешек даму бағытын айқындайтын тарихи кезең болуы мүмкін. Ең бастысы – қабылданатын шешім халықтың сенімі мен бірлігін нығайтуға қызмет етуі керек.

                              Қала тұрғыны
                        Айбатыр Маратұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT