Наурыз айында конституциялық реформа бойынша жалпыұлттық референдум өтеді деген бастамаға мен оң көзқараспен қараймын. Себебі мұндай маңызды өзгерістерді халықтың тікелей қатысуымен қабылдау – демократиялық қоғамның басты қағидаларының бірі. Референдум азаматтарға өз пікірін ашық білдіруге және елдің болашағына ықпал етуге мүмкіндік береді.
Менің ойымша, конституциялық өзгерістер ең алдымен халықтың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге бағытталуы тиіс. Әр азамат заң алдында тең қорғалуы қажет. Сонымен қатар, билік пен қоғам арасындағы сенімді арттыру үшін ашықтық пен есеп берушілік қағидалары нақты бекітілуі керек.
Референдум өткізу – үлкен жауапкершілік. Сондықтан халыққа ұсынылатын өзгерістер түсінікті, нақты және шынайы өмірге әсер ететіндей болуы маңызды. Егер реформа шын мәнінде әділетті қоғам құруға, әлеуметтік теңдікті нығайтуға және мемлекеттік басқаруды жетілдіруге бағытталса, онда мен оны қолдаймын.
Қала тұрғыны
Айдана Нығыметова




