Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған мәселелердің көбі күнделікті өмірімізбен тікелей байланысты екені қуантты. Әсіресе, халықтың табысын арттыру, бағаның тұрақтылығы, білім мен медицина сапасын жақсарту туралы бастамалар біз үшін өте маңызды.
Ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты азайту, жастарға мүмкіндік беру, кәсіп ашамын деген адамдарға қолдау көрсету — бұл дұрыс бағыт деп ойлаймын. Себебі қарапайым адамға ең керегі — тұрақты жұмыс, әділ мүмкіндік және ертеңгі күнге сенім.
Жолдауда айтылған тапсырмалар сөз жүзінде қалмай, нақты іске асса екен деймін. Қарапайым тұрғындар үшін ең бастысы — бейбіт өмір, тұрақтылық және балаларымыздың болашағы. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді деп сенемін.
Қала тұрғыны
Айдана Нығыметова




