Халық дауысы – әділетті мемлекет кепілі

Биылғы конституциялық реформа бойынша жалпыұлттық референдум өткізілуі — елдің саяси дамуы үшін заңды әрі қажетті қадам деп ойлаймын. Өйткені қоғам өзгерген сайын, мемлекеттік басқару жүйесі де заман талабына сай жаңарып отыруы тиіс.

Конституция — тек заңдар жиынтығы емес, ол мемлекет пен халық арасындағы басты келісім. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістердің халық талқысына салынуы өте орынды.

 Бұл реформа ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, әділдік қағидатын орнықтыруға бағытталса, оның нәтижесі қоғам үшін пайдалы болмақ. Дегенмен кез келген бастама нақты іске асқанда ғана өз құнын көрсетеді. Сондықтан бұл науқанды жауапкершілікпен қабылдау маңызды деп санаймын.

 Қала тұрғыны Гүлназ Есмұратова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT