Қазақстанның жаңа құқықтық бағдары

Қазақстан Республикасының Конституциясын жаңарту жөніндегі ұсынылған жоба елдің саяси және құқықтық жүйесін түбегейлі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия дайындаған бұл құжаттың басты ерекшелігі – оны әзірлеу барысында азаматтардың, саяси күштердің, қоғамдық бірлестіктер мен сарапшылардың пікірлері кеңінен ескерілгені. Мұның өзі мемлекеттің қоғаммен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға дайын екенін айқын көрсетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Парламенттің бір палаталы құрылымына көшу бастамасы басқару тетіктерінің тиімділігін арттыруды көздейді. Аталған өзгеріс заң шығару процесін жеңілдетіп, мемлекеттік шешімдердің жедел қабылдануына және билік институттарының жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл бастама Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өтіліп, қазіргі жаһандық трансформациялар, соның ішінде жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған өзекті қадам ретінде бағаланды.

Қорытындылай келе, жаңартылған Конституция жобасы – құқық үстемдігіне негізделген, тиімді әрі заманауи мемлекет қалыптастыруға арналған стратегиялық құжат. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеріп, қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға және елдің ұзақ мерзімді дамуына берік негіз қалайды.

Мұрат Ғибадайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT