Президенттің Қызылорда облысына қатысты айтқан пікірі өңір тұрғындарының күнделікті өмірінде болып жатқан нақты өзгерістерді көрсетеді.
Соңғы жылдары аймақта экономика алға жылжып, жаңа нысандар бой көтеріп, инфрақұрылым біртіндеп жаңарып келеді.
Инвестиция тартылып, өндіріс пен кәсіпкерлік дамуының арқасында жұмыс орындары ашылуда. Бұл – халықтың табысына, тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды қадамдар.
Әсіресе, жаңа жылу электр орталығының іске қосылуы тұрғындар үшін үлкен жеңілдік болды. Қыстың қақаған аязында жылу мен жарықтың тұрақты болуы – әр отбасы үшін ең өзекті мәселе. Сондай-ақ, ауыз су мен газдың қолжетімді болуы ауыл мен қала тұрғындарының өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Атқарылған жұмыстар тоқтамай, алдағы уақытта да ел игілігі үшін жалғасын табады деген сенім бар.
Жылыой аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы менеджер- кеңесші
Гүлмира Балжігітова




