Есірткіге қарсы жаппай күрес

Есірткіге қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл індет адам өмірін ғана емес, тұтас бір отбасының, тіпті ұлттың болашағын құрдымға кетіреді. Сондықтан есірткінің таралуына жол бермеу – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Бүгінде есірткі қылмыстарының алдын алу, заңсыз айналымды тоқтату және тәуелділікке қарсы кешенді шараларды күшейту аса маңызды. Әсіресе, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, салауатты өмір салтын насихаттау – басты міндеттердің бірі. Себебі жас ұрпақтың дені сау, санасы сергек болуы – ел дамуының негізгі кепілі.

Есірткіге қарсы күрес тек тыйым салумен шектелмеуі тиіс. Бұл бағытта білім беру, профилактика, спорт пен мәдениетті дамыту, қоғамдық ұйымдардың белсенділігі маңызды рөл атқарады. Бірлесе әрекет еткенде ғана біз бұл қауіпті індетке қарсы тиімді тосқауыл қоя аламыз.

Гулфара Исмагұл

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT