Есірткіге қарсы іс-қимыл қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Бұл зиянды құбылыс жеке адамға ғана емес, отбасылардың тағдырына, тұтас қоғамның болашағына кері әсерін тигізеді. Сол себепті есірткінің заңсыз таралуына тосқауыл қою – тек мемлекеттің емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Қазіргі таңда есірткі қылмыстарының алдын алу, заңсыз айналымды азайту және тәуелділікпен күресуге бағытталған кешенді шараларды күшейту қажеттігі артып отыр. Әсіресе, жасөспірімдер мен жастар арасында алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Өйткені дені сау, саналы ұрпақ – ел дамуының берік негізі.
Бұл бағыттағы жұмыс тек шектеу шараларымен шектелмеуі тиіс. Білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен мәдени бастамаларды қолдау, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың белсенді атсалысуы – тиімді күрестің негізгі тетіктері. Тек бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана есірткіге қарсы күресте нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.
Назира Оспан




