Есірткіге қарсы күрес  қоғам болашағын қорғау

Есірткі мәселесі  тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ проблемасы. Бұл дерт адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасысына, әлеуметтік ортасына және елдің болашағына үлкен қауіп төндіреді. Әсіресе жастар арасында есірткіге тәуелділіктің артуы алаңдатарлық жағдай.

Есірткі қолдану адам өмірін құрдымға кетіріп, білім алуына, жұмыс істеуіне, қоғамға пайдалы азамат болуына кедергі жасайды. Сонымен қатар, бұл қылмыс деңгейінің өсуіне, отбасының күйреуіне және әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. Сондықтан алдын алу шараларын күшейту, түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау басты міндеттердің бірі.Менің ойымша, есірткіге қарсы күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі керек. Жастарға дұрыс тәрбие беру, спорт пен шығармашылыққа баулу, психологиялық қолдау көрсету сияқты кешенді тәсілдер маңызды рөл атқарады. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн.Қоғам болып бірігіп әрекет еткенде ғана біз есірткі індетінің алдын алып, келер ұрпаққа қауіпсіз әрі жарқын болашақ сыйлай аламыз. 
Талап Латиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT