Бұл ұстаным Қазақстанның энергетика саласындағы ұзақмерзімді әрі салмақты саясатын айқындайды. Мәселе қуат көздерін жай ғана өзгерту емес, елдің нақты мүмкіндіктері мен ұлттық мүдделеріне сай тұрақты даму жолын қалыптастыруда болып отыр.
Осы тұрғыдан алғанда, ядролық энергетиканы дамыту уақыт талабы. Алғашқы атом электр станциясының құрылысы маңызды қадам болғанымен, экономиканың тұрақты өсімі үшін бұл жеткіліксіз. Екінші және үшінші АЭС салу мәселесін қазірден жоспарлау – болашаққа жасалған жауапты инвестиция. Халықаралық серіктестікті кеңейту арқылы Қазақстан энергетикалық дербестігін нығайтып, жаһандық нарықтағы орнын күшейте алады.
Бекжан Рауанұлы



