Биыл өткізгелі отырған конституциялық реформа еліміздің саяси және қоғамдық дамуына серпін беретін маңызды қадам болуы тиіс деп ойлаймын.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңыболғандықтан, оған енгізілетін кез келген өзгерісхалықтың мүддесіне сай әрі болашаққабағытталған болуы қажет.
Ең алдымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту керекдеп санаймын. Әр адам өзін заң алдында қорғалғанәрі қауіпсіз сезінуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халықалдындағы есептілігін арттыру маңызды. Бұлқоғамдағы сенімді нығайтады.
Сондай-ақ, жастардың, азаматтық қоғамның және өңір тұрғындарының шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту қажет. Реформа тек қағаз жүзіндегі өзгеріс емес, нақты өмірге әсер ететін, халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын жаңару болуы керек.
Қала тұрғыны
Бейбіт Өрбісінов




