Конституциялық референдум – жай ғана саяси науқан емес, елдің шынайы өзгеріске қаншалықты дайын екенін көрсететін сынақ деп санаймын. Соңғы жылдары «реформа» сөзі жиі айтылғанымен, қоғам нақты нәтижені әрдайым сезіне бермейді.
Конституцияны өзгерту – өте жауапты қадам. Егер ұсыныстар шын мәнінде билік пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды нақты қамтамасыз етсе, онда референдумның тарихи маңызы болады. Өйткені, қоғам бүгінде құр уәдеге емес, нақты әрекетке қарайды.
Ең маңызды мәселе – ашықтық. Азаматтар өзгерістердің мәнін толық түсінбей тұрып дауыс беруге мәжбүр болмауы керек. Әрбір тармақ түсінікті тілмен жеткізіліп, шынайы қоғамдық талқылау болуы қажет. Себебі Конституция – биліктің емес, халықтың құжаты.
Қала тұрғыны
Әбдіқұрбан Мұханбетұлы




