Ел болашағын айқындайтын маңызды реформалар

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия әзірлеген Қазақстан Республикасының жаңартылған Ата Заңының жобасы ел дамуының жаңа белесіне аяқ басқанын айғақтайды.

Құжатты дайындау барысында азаматтардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары кеңінен ескерілді. Бұл реформалардың халықпен ашық пікір алмасу негізінде жүргізілгенін көрсетеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасы саяси жүйені ықшамдап, басқару тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл ұсыныс шешім қабылдау тетіктерін жеделдетіп, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін күшейтуді көздейді. Президенттің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында көтерілген бастама жасанды интеллект пен жаһандық өзгерістер дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін маңызды.

Тұтастай алғанда, жаңа Конституция жобасы – әділетті, заманауи әрі тиімді мемлекет құруға бағытталған стратегиялық шешім. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтып, қоғамның болашаққа деген сенімін күшейтуге негіз қалайды.

Зарифа Айтжанқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT