Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия ұсынған Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасы – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын айқындайтын маңызды құжат.
Жоба азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленуімен ерекшеленеді. Бұл – реформалардың жабық кабинетте емес, қоғаммен ашық диалог арқылы жүзеге асқанын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасы саяси жүйені оңтайландыруға, шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге және билік институттарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Президенттің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында айтылған бұл идея жасанды интеллект дәуіріндегі жаһандық өзгерістерге бейімделу, әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беру тұрғысынан аса өзекті.
Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы – әділетті, тиімді және заманауи мемлекет қалыптастыруға арналған стратегиялық қадам. Ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтіп қана қоймай, елдің болашағына деген сенімді күшейтеді.
Ораз Панаров




