Әділетті Қазақстанға қадам

Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты ел дамуының қазіргі бағытын түсінуге мүмкіндік береді.

Сұхбатта Президент Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңызын атап өтіп, олардың бастымақсатыәділетті, ашық және жауапты мемлекетқалыптастыру екенін көрсетеді. 

Әсіресе, халықтың билікке деген сенімін арттыру, заң үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар аударылғаны маңызды. Бұлдемократиялық қоғам құру жолындағы дұрыс қадам деп ойлаймын. Сонымен қатар, экономиканы әртараптандыру, білім мен ғылымды дамыту туралы айтылған ойлар елдің болашақтағы тұрақты дамуына негіз бола алады. 

Сұхбатта көтерілген идеялар Қазақстанның жаңғыруы тек экономикалық өзгерістер меншектелмей, қоғамның сана-сезімі мен жауапкершілігін арттыруды да көздейтінін аңғартады. Бұл ретте әрбір азаматтың ел дамуына атсалысуы маңызды екені анық көрінеді. 

Қорытындылай келе, аталған сұхбат Қазақстанның жаңа кезеңге сенімді қадам басып келе жатқанын көрсетеді. Мемлекет басшысы ұсынған бағыттар елдің ұзақ мерзімді дамуына оң әсер етеді деп сенемін. 

 Алмагүл Қуанышова,

Жылыой аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

 

 

                                           

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT